«Көп әйел өзімдікі ғана дұрыс деп айтады»: Гүлзира Айдарбекова ерлі-зайыптылардың ажырасу себебін айтты

Отбасында ер мен әйелдің тең болуын жат ұғым деп санайды.

«Көп әйел өзімдікі ғана дұрыс деп айтады»: Гүлзира Айдарбекова ерлі-зайыптылардың ажырасу себебін айтты
Фото: aqmeshit-zhastary.kz
1479

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандардың сұрағына жауап беріп, отбасы тақырыбы төңірегінде сөз қозғады,  деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, қазір отбасы бұзылуының негізгі себебі –  өзімшілдік.

«Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар арасында әйелдер менмендікке салынып, артық кетіп жатады. Еліміздегі ажырасудың көбеюі де осыған байланысты. Қай жағынан алып қарасақ та ерлермен тең болуымыз – жат ұғым. Басқа ұлттарға қарасаң, қартайған шағында жалғыз қалады немесе қарттар үйіне өткізіп жібереді. Мейірім жоқ. Осындай өмірдің бетін әрмен қылсын! Біздікілер соларға еліктеп, «өзіңді жақсы көр, күйеуіңе міндетті емессің» дегенді жиі айтады. Олардың дені біздің қазақы тәрбиемізге, өмір сүру салтымызға келе ме, зияны тимей де деп саралау керек. Ғаламтордағы ақпаратты сүзгіден өткізіп, керегін ғана алу керек. Қазір көп әйел «өзім», «өзімдікі ғана дұрыс» деп кетті. Ол қазақтың «Мықты еркектің артында әйел тұрады» деген қанатты сөзімізді ұмыттырды. Ерлерге әйел тарапынан қолдау болмағасын, отбасында махаббат пен мейірім азайып қалғандай көрінеді», - дейді Гүлзира Айдарбекова. 

 

Серіктес жаңалықтары