Алматыда жиһаз қоймасы өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Жақын орналасқан қойма мен үй-жайларды қорғауға автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды

Алматыда жиһаз қоймасы өртеніп жатыр (ВИДЕО)
instagram.com/almaty_tjd
763

Алматыда жиһаз қоймасынан өрт шықты.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең өрт сөндіру бригадалары Түрксіб ауданы Бекмаханов көшесі, 2/16 мекенжайынан шыққан өртке аттанды.

«Алдын ала ақпарат бойынша, жиһаз қоймасы жанып жатыр. Жақын орналасқан қойма мен үй-жайларды қорғауға өрт оқпандары енгізіліп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды»,- деп хабарлады департаменттен.

 

Серіктес жаңалықтары