Көктайғақ, жел: 11 өңірде дауылды ескерту жарияланды

16 қарашада 11 облыста қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Көктайғақ, жел: 11 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ашық дереккөз
671

Түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының тау асуларында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семей қаласында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының батысында тұман болады деп күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысында, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. 16-18 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болуы мүмкін. 16-18 қарашада өңірдің оңтүстік батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз 16 қарашада соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Сондай-ақ 18 қарашада жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Тараз қаласында 16-18 қарашада тұман болады деп күтіледі. 16-18 қарашада қалада оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, 18 қарашада кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Серіктес жаңалықтары