Еуро-2024: Чемпионаттың ресми добы таныстырылды

Fussballliebe – «футболды құлай сүю» дегенді білдіреді.

Еуро-2024: Чемпионаттың ресми добы таныстырылды
ашық дереккөз

UEFA Германияда өтетін Еуро-2024 чемпионатының добын көрсетті, деп хабарлады Turkystan.kz.

Еуропа чемпионатының ресми добы – Fussballliebe деп аталады. Неміс тілінен аударғанда «футболды құлай сүю» дегенді білдіреді.

Доптың сыртқы қабығын іштен ұстап тұратын CTR-CORE ойын барысында дәлдік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Доптың дизайнында ашық қызыл, көк, жасыл және қызғылт сары түстер қолданылған. Бұл – футболдың қарапайымдылығының белгісі.

Германиядағы доп додасы 2024 жылғы 14 маусым мен 14 шілде аралығында ұйымдастырылады. Жарыс 10 стадионында өтеді.

Еуро-2024 чемпионатының ашылу матчы Мюнхенде, ал шешуші ойын  Берлинде болады.