EURO 2024: Қазақстан мен Сан-Марино матчына қазылық ететін төрешілердің есімі белгілі болды

«Астана Аренада» өтетін матчқа қазылық ететін төрешілердің есімі белгілі болды.

EURO 2024: Қазақстан мен Сан-Марино матчына қазылық ететін төрешілердің есімі белгілі болды
Фото: sports.kz
1105

17 қарашада футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары кездеседі, деп хабарлады turkystan.kz.

«Астана Аренада» өтетін матчқа қазылық ететін төрешілердің есімі белгілі болды. EURO-2024 іріктеу кезеңінің матчында бас төреші қызметін Харальд Лехнер атқарады. Оған отандастары Андреас Хайденрайх пен Стефан Пихлер көмектеседі. Қосалқы төреші де австриялық Себастьян Гишамер. Бұл туралы Sports.kz басылымы жазды.

Кездесу 17 қарашада елорда уақытымен 21:00-де «Астана-Арена» стадионында басталады. «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 8 ойыннан кейін Н тобында 15 ұпаймен 3-орында келеді. Сан-Маринодан кейін 20 қараша күні сырт алаңда Словениямен кездеседі.  Алдағы екі ойында жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасының құрлықтық дода финалдық сатысына жолдама алуына мүмкіндігі бар.

Серіктес жаңалықтары