Астаналық студенттер қазақша куизде бас қосты

Кеше елорда төрінде Халықаралық студенттер күніне орай қазақша куиз – зияткерлік сайысы өтті.

Астаналық студенттер қазақша куизде бас қосты
675

Іс-шара «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының мұрындық болуымен ұйымдастырылды.    

Қазір елімізде 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 6 миллионнан асады. Оның 575 мыңнан астамы  жоғары оқу орындарында, ал 531 мыңы колледжде білім алады.

Астана қаласындағы Жоғары оқу орында оқитын студенттер зияткерлік сайыста бақ сынады. Жаңа орта қалыптастыру және жаңа дағдыны игеруде «StudQuiz» ойыны таптырмас алаң екені айдан анық. «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жұматұлы Жылқыбаев студенттерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтады.

Жастардың заманауи білім игеруіне, дағдыларын жетілдіруге, жаһандық еңбек нарығында да бәсекеге қабілетті болуына көп көңіл бөлінеді.

Бұл туралы партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында анық көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары