Қызылордада балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан

Тәркіленген бейнежазбалар қылмыстық іске тіркелді

Қызылордада балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан
paryz.kz
799

Қызылордада балабақша тәрбиешісі 1,5 жасар баланы ұрып-соққан, деп хабарлады turkystan.kz.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасына жеке балабақшалардың бірінде ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдану туралы кәмелетке толмағанның заңды өкілінен арыз түскен.

Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК140-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. 

«Тәркіленген бейнежазбалар қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот – медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың «денсаулығына жеңіл зиян» келтірілген. Ал сот-габитологиялық сараптамасының қорытындысы күтілуде», - делінген хабарламада.

41 жастағы тәрбиешіге қатысты ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды.

Сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды.

Серіктес жаңалықтары