«Жақсы адам болдыңыз»: Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың қазасы жайлы

Әнші Мақпал Жүнісова оның қазасына байланысты көңіл айтты.

«Жақсы адам болдыңыз»: Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың қазасы жайлы
instagram/zhunusova.makpal

13 қараша күні экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71 жасқа қараған шағында созылмалы аурудан қайтыс болды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай «X» әлеуметтік желісінде растаған болатын. Белгілі әнші Мақпал Жүнісова оның қазасына байланысты көңіл айтты.

«Қош болыңыз, Болат аға! Біліп-білмей істеген күнәңізді Алла кешірсін! Сіз мен үшін жақсы адам болдыңыз» деп жазды Мақпал Жүнісова.