Газ қосу үшін ақша талап еткен: "ҚазТрансГазАймақтың" Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы тергеліп жатыр

Олар бұл қаражатты газды қосу рұқсатын және техникалық шарттарды жедел алу үшін талап еткен.

Газ қосу үшін ақша талап еткен: "ҚазТрансГазАймақтың" Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы тергеліп жатыр
сурет: pxhere
1490

"ҚазТрансГазАймақтың" Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы қала тұрғындары мен шаруашылық субъектілерінен 70-тен 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі заңсыз ақшалай сыйақыларды бопсалаған, деп хабарлады turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. 

Олар бұл қаражатты газды қосу рұқсатын және техникалық шарттарды жедел алу үшін талап еткен.  

Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуі нәтижесінде анықталды. Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.  Аталған тұлғаларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпаратты жариялауға болмайды, – дейді ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділов.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін барлығы кінәсіз деп есептеледі.

 

Серіктес жаңалықтары