940
Қызылорда облысында 3,3 млн теңге жымқырған бухгалтер сотталды
Мекеме есепшісі жеке шотына заңсыз ақша аударып, мемлекетке шығын келтірген.
Қазалы ауданында мекеме бухгалтері еңбекақыны есептеу және аудару кезінде бірінші басшының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, жалақы және өзге де төлемдер ретінде жеке есеп шотына ақша аударғаны анықталды. Салдарынан мемлекетке 3 343 347 теңге шығын келтірген.
«Басты сот талқылауы барысында сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады. Мемлекетке келтірген шығын толықтай өтелді. Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылды. Нәтижесінде мүлкін тәркілеместен, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – деп мәлім етті Қазалы аудандық сотынан.