965
«Әріптесі атқан»: Ұлттық ұланның әскери қызметкері қаза тапты
Жергілікті БАҚ марқұмның жасы 38-де екенін жазды.
Петропавлда Ұлттық ұланның әскери қызметкері ішіне тиген оқтан қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
«12 қарашада 6637 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әріптесінің абайсызда атқан оғынан жараланып, шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда оны құтқару мүмкін болмады», - деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Аталған дереке қатысты ішкі тергеу тағайындалды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Ұлттық ұлан қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады», - делінген ҚР Ұлттық ұланының баспасөз хабарламасында.
Жергілікті БАҚ марқұмның жасы 38-де екенін жазды. Ол «Бүркіт» арнайы жасағының жүргізушісі болған.