Үндістан астанасын улы тұман басты

Тыйым салынғанына қарамастан, халық жаппай отшашу сатып алған.

Үндістан астанасын улы тұман басты
Сурет: GETTY IMAGES

Үндістан астанасы Делиде Дивали фестивалінен кейін ауа сапасы нашарлады, деп хабарлады turkystan.kz bbc.com-ға сілтеме жасап. 

Тыйым салынғанына қарамастан, халық жаппай отшашу сатып алған. Түрлі отшашудан шыққан түтін қаладағы көліктің газына қосылып, жағдайды ушықтырған. Соның салдарынан улы тұман қаланы түгел басқан.

Үкімет балаларды қорғау үшін мектептерде қысқы демалыстың басталғанын хабарлады.