Еуро-2024: Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізімі белгілі болды

Қорытынды тізімге 27 футболшы енді

Еуро-2024: Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізімі белгілі болды
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Сан-Марино (17 қараша) және Словения (20 қараша) құрамаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қорытынды тізімге 27 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Руслан Валиуллин (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Александр Зуев (ИМТ, Сербия), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Иван Свиридов («Шахтер»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Эльшад Хинизов – сарапшы бапкер.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қараша айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі шешуші матч өткізеді. 17 қараша күні Магомед Адиев шәкірттері Сан-Мариноны қабылдайды. Ойын «Астана Арена» стадионында елорда уақытымен 21:00-те басталады.

Үш күннен кейін біздің құрама Словениямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 01:45-ке жоспарланған. Матч Любляна қаласы, «Стожице» стадионында өтеді.