2197
Мейрамханадағы әйелдің өлімі: Астана полициясы түсінік берді
Астана полициясы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
Астана полициясы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты түсінік берді, деп жазады turkystan.kz.
Астана қаласының полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Күдікті Астана қаласының ПД УҰИ-ға қамалды. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені өткізіледі. Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында, - делінген полицияның Instagram-дағы парақшасында.