Қытай телеарнасы Димаш туралы деректі фильм түсіруде

Қытай телеарнасы Димаш туралы деректі фильм түсіруде

Қытай телеарнасы Димаш туралы деректі фильм түсіруде
ашық дереккөзі
191
Әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Димаш Құдайберген мен Hunan TVарнасының түсірілім тобы Астанаға Қазақстан туралы, орындаушының туған жері жайлы сюжет түсіріп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сюжет қытайлық телеарнада көрсетіледі. Бұл роликте әнші өз елін таныстырады. Ал әншінің анасы Светлана Айтбаева "Мой город" порталына берген сұхбатында Димаш Құдайберген мен түсірілім тобының келуі жайлы толығырақ айтып берді. “Осы бір-екі күннің ішінде қытайлық журналистер біздің отбасымыз жайлы, Димаш оқыған мектеп пен музыкалық колледжде түсіріп үлгеруі керек. Баламыз таэквандомен айналысқан спорт мектебінде де түсірілім жұмыстары өтеді”, – деді Айтбаева. Осыдан кейін, анасының айтуынша, қытайлық журналистер Димашты ат үстінде түсіру үшін ипподромға барады, себебі қытайлық жанкүйерлер әншіге “Қазақтың қанаты” деген ат беріпті. Ал осыған дейін әншінің PR-директоры әншінің Астанаға ұшып келгенін хабарлаған еді. “Бітпеген шаруаларды әуеде бітіруге тура келеді. Бір-екі күнге Отанға келіп жатырмыз. Ешқандай БАҚ-пен кездесу, арнайы фан кездесулер мүмкін емес. Бәрі жоспар бойынша! Түсірілім! Түсіністікпен қарағандарыңызға раxмет!!! Мен Астанадамын!!!”, – деп жазған еді Шаримов Instagram желісіндегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары