Белгілі актриса, қазір продюсер ретінде танылып жүрген Дариға Бадықова «Динамен дұрыс» бағдарламасында режиссерлердің оған бірсарынды рөлдер беретініне еш ренжімейтінін айтты.
«Режиссерлердің маған мұндай рөлдер бергеніне ренжімеймін. Ақша керек қой. Бере берсін. Көрерменнің өзіне ұнап жатса, көрермен есінде сақтап жатса, неге ойнамасқа? Бізге күн көру керек. Оларға актриса табу керек», – дейді актриса.