Аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау қорытындысы жарияланды
Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді.
5 қарашада Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті. Өкілеттіктерге сәйкес, облыстардың мәслихаттары осы сайлауды өткізу үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекітті.
1553 сайлау комиссиялары: 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық және 1491 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
Сайлау балама негізде өтті. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді.
Сайлаушылардың келуі - 62,79 %.
Сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды.
Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Дауыс беру күні байқауды Қазақстан Республикасының 8500-ге жуық кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылары мен БАҚ өкілдері жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік басшылықты, сондай-ақ олардың қызметінің сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырды және өзінің интернет-ресурсында 17 өңірдегі сайлау қорытындылары бойынша мынадай жалпыланған ақпаратты ұсынады: