Талдықорғанда ер адам сүйіктісін бауыздамақ болды: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Жәбірленушіні реанимациядан шығарғаннан кейін, бірден Полиция департаментіне алып кеткен.

Талдықорғанда ер адам сүйіктісін бауыздамақ болды: оқиғаға қатысты тың дерек шықты
видео скриншот

Құқық қорғаушының мәліметінше, Жетісу облысының Полиция департаменті қылмыскерді ұстағанын және істі «Кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша қайта даярлағанын хабарлады. Дина Смайылова құқық қорғау органдары жәбірленушіні қорқытып қойғандарына сенімді, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Полицейлер ауруханаға ота кезінде келіп, оны күтті. Реанимациядан енді шығып, отаның өткеніне бір сағат болғанда, Полиция департаментіне алып кетті.  Келіншек әлі анестезиядан шықпағандықтан, жолда құсты, тұра да, жүре де алмады. Полиция қызметкерлері одан сондай сәтте жауап алып, құжатқа қол қоюға мәжбүрледі. Сондықтан жауап алу кезінде ол өзін жаман сезініп, қайтадан құсып жіберді», — деп жазды құқық қорғаушы.

Дина Таңсәрінің айтуынша, дәрігерлер де отадан кейін қызды жібермеуі тиіс еді. Полиция қызметкерлеріне ауруханада жауап алуға рұқсат беруі керек. Ол осы оқиғаға қатысты барлық құқық қорғау органдарын жауапқа тартуды талап етеді.

«Елестетіп көріңізші, сізді отадан кейін алып кетіп, дәлізде қалдырады, ал сіздің денеңізден анестезия әсері әлі тарамаған. Одан соң жауап алу үшін бөлімшеге апарады. Біз бұл заңсыз әрекеттер қызметкерлердің жеке қызығушылығына байланысты деп есептейміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктен ресми жауап күтеміз», — деп жазды Немолчи басшысы.

Еске салсақ, 27 қазан күні ер адам 28 жастағы Адина Хуанбекқызына шабуыл жасаған. Сауда үйінің қауіпсіздік камерасына оқиға болған сәт түсіп қалған. Кадрларда ер адам қызды қолымен ұрып-соғып, тұншықтырып өлтірмек болғанын көруге болады. Кейін ол үстелден кеңсе пышағын алып, қыздың мойнына соққы бере бастайды.