«Ғалымдар бизнеспен жұмыс істеуі керек»

«Ғалымдар бизнеспен жұмыс істеуі керек»

«Ғалымдар бизнеспен жұмыс істеуі керек»
ашық дереккөзі
140
Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі А. Әмрин Астанада пленарлық алқа отырыста сөз сөйледі. Шараға ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, құрылымдық бөлімшелердің және ведомствоға қарасты ұйымдардың, сонымен қатар, ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Асланбек Әмрин жиналғандарға 2017 жылы Қазақстанда ғылымды дамытудың басты бағыттары туралы айтып берді. Олардың бірі ғалымдардың бизнес орта өкілдерімен жұмыс істеуі болып табылады. «Министрлік ғылымды бірге қаржыландырады. Жетекші мемлекеттердің тәжірибесі дәлелдегендей, ғалымдар бірінші кезекте бизнеспен жұмыс істеуі керек. Мысалы, АҚШ-та ғылымға 456 млрд. доллар жұмсалады, яғни R&D жұмсалатын шығынның жалпы әлемдік көлемінің 27% немесе 297 млрд. доллар жеке сектормен қаржыландырылды, ал мемлекеттен 27% – 122 млрд. доллар ғана бөлінген.  Бұл ғылыми нәтижелердің қажет екендігін білдіреді», – деп атап өтті А. Әмрин. Өз сөзінде вице-министр ғалымдар бірінші кезекте бизнестің, содан кейін мемлекеттің қолдауын сұрауы керек екендігін атап өтті. Қолданбалы сипаттағы барлық зерттеулерге осындай практика қолданылмақ. Айта  кетейік, алқа отырыс Мемлекет басшысының жыл сайынғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын іске асыру аясында өтті. Сонымен қатар, ҚР Президенті Ғылым академиясының 70 жылдығын мерекелеу кезінде ғылым, білім және экономиканың шынайы секторының интеграциясының маңыздылығын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары