285
«Қазақстан» телерадио корпорациясында жаңа тағайындаулар
«Қазақстан» телерадио корпорациясында жаңа тағайындаулар
«Қазақстан» РТРК» АҚ жүйесінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды. Атап айтқанда, 2017 жылдың 24 ақпанындағы «Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Мәди Манатбек «Республикалық радио» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды.
Мәди Манатбек 2012-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ өндіріс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. «Республикалық радио» ЖШС «Қазақстан» РТРК» АҚ-нан құрылған радио хабарларын тарату бойынша жұмыс атқаратын кәсіпорын және оның құрамына Қазақ радиосы, «Шалқар», «Астана», «Classic» атты төрт радиоарна кіреді. Сондай-ақ Әшімов Асқар Тұрғанбекұлы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры болып тағайындалды. Ол әр жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының бас режиссері қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Аймақтық даму дирекциясының директоры тағайындалды. Бұл лауазымға бұған дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстық филиалдарының директоры қызметінде болған Дүйсенов Арсений Кеңесұлы бекітілді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры қызметін осы уақытқа дейін атқарған Ағыбаев Жанахмет Жәнібекұлы Атырау облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды. Айта кетейік, Қоғамның аймақтардың дамуы жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Ысқақов Ильяс Башарұлының және осы уақытқа дейін «Республикалық радио» ЖШС бас директоры қызметін атқарған Өтеғалиев Досымбек Қонысбекұлының өкілеттіктері тоқтатылды. Еске салайық, ағымдағы жылдың 9 ақпаны күні «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы болып Ерлан Қарин тағайындалды. Ұлттық арнаны оған дейін басқарған Кемелбек Ойшыбаев бұл лауазымда небәрі төрт ай болды.