1047
Ердоған түркі елдеріне ортақ әліпби әзірлеу туралы ұсыныс айтты
Ердоған бірлікте болу үшін тіл мәселесі, ортақ әліпбидің болуы өте маңызды екенін айтты.
Елордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиін әзірлеу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
- Бірлікте болу үшін тіл мәселесі, ортақ әліпбидің болуы өте маңызды. Президенттердің қолдауы да аса үлкен мәнге ие. Жоғары білім кеңесіміз хатшылыққа арнайы ұсыныс айтты. Ұсынысымыз жоғары бағаланады деп үміттенеміз, - деді Ердоған.