Ауылда алғаш рет кітап орталығы ашылды

Кітап орталығының ашылу салта­на­тына белгілі қаламгерлер, баспагер­лер және зиялы қауым өкілдері қатыс­ты.

Ауылда алғаш рет кітап орталығы ашылды
turkystan.kz

Елімізде «Кітап-AMANAT» жобасы аясында бұрын-соңды болмаған ерекше бастама қолға алынып, ауылдық жерде алғаш рет кітап орталығы ашылды. Орталық Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында орналасқан. Жобаның мақсаты – ауыл халқының отандық әдебиетке, жалпы кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларға қолдау көрсету.  

Кітап орталығының ашылу салта­на­тына белгілі қаламгерлер, баспагер­лер және зиялы қауым өкілдері қатыс­ты.
«AMANAT» партиясы Жамбыл об­лыс­тық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов Мемлекет басшысы ұлт­тық мүддеге сай келетін кітаптар шы­ғару, кітапханалар ашу ісіне ерекше мән беретінін атап өтті. 

– Партиямыз Президент баста­ма­сын іске асыруға дәнекер болатын «Кі­тап-AMANAT» жобасын қолға алып, отан­дық әдебиет пен баспагерлерді қол­­даудың жаңа тетігін ұсынды. Алма­ты мен Астанада басталған жоба Жам­был облысы Байзақ ауданында жал­ға­сып отыр. Жаңа орталық руханиятқа шө­ліркеген ауылдағы ағайынның сүйікті орнына айналады деген сенім­демін, –  деді Дауыл Бейсенқұлов.

Өз кезегінде, «Қазақстан Респуб­ли­касының баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар» қауымдасты­ғы­ның президенті Әділ Қойтанов кі­тап орталығының ауылда ашылғаны­на айрықша ризашылығын білдірді.

– Бұл жай ғана кітап дүкені емес, бұл – руханият орталығы. Алдағы уа­қыт­та осында баспагерлермен, автор­лар­мен келелі кездесу өтіп, түрлі іс-ша­ра ұйымдастырылады деген ойда­мын. Осында келген жастардың кітап оқуға деген ынтасы артады. Елімізде бір­аз жыл автор, баспа, кітапхана, кі­тап дүкені арасындағы байланыс үзі­ліп қалған еді. Осындай орталықтар ар­қылы байланыс қайта жаңғырып жа­тыр. Ең басты мақсат – елге жаңа кітап­тарды таныстыру. Осы өңірде де жазу­шыларымыз өте көп кітап шыға­рып жатыр. Алайда оның бәрі жер-жерге жетпейді. Әрбір өңірде осындай ор­талықтар ашылуы керек, – деді ол.

Ал Ұлттық мемлекеттік кітап пала­та­сы директорының орынбасары, ақын Маралтай Райымбекұлы жаңадан ашыл­ған орталықтың мәні мен маңы­зына тоқталды.

– Екі мегаполистен кейін кітап ор­­­талығы осы өңірде ашылып отыр. Бұл – ғажап бастама. Адам кітап оқуы керек. Кітап оқымаған адамның биіктерді бағындырып, жетістікке жетуі екіталай. Автор мен оқырман арасын жалғап жатқан «AMANAT» партиясына және ілкімді іске қолдау көрсетіп жүрген жергілікті азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ, – деді ақын. 

Бұл ретте, ауыл тұрғыны Қасқыр­бай Нарбатыров кітап орталығын ашуға атсалысқан жандарға тұрғындар атынан алғыс айтты.

– Ауыл халқы кітапқа сусап отыр. Дү­кендерде дүние-мүлік сыймай тұр­ғанымен, кітапқа орын жоқ. Сон­дық­тан ауылымызда осындай орталықтың ашылып отырғанына дән ризамыз. Біздің ғана емес, еліміздің барлық ауы­лында ашылса да артық болмас еді. 
Бұл – үлкен сый. Жастарды кітап оқы­майды деп жазғыра бергенше, мұндай игі істерді көптеп қолға алған жөн бе деймін. Тіпті, орталықтарды еліміздің барлық ауылында ашқан   өзіміз де бала кезден кітап оқып өстік қой. Осы орталық күн ертең ауылдың мақта­ны­шына, оқырмандардың сүйікті орнына ай­налатыны анық, – деді ол.

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бір­ге!» сайлауалды бағдарламасы ая­сын­да жыл сайын театр, кітапхана, ком­муникация, білім беру және дема­лыс орталықтарын қоса алғанда 300-ге жуық мәдениет нысанын салу және жаң­ғырту көзделген. Сондай-ақ мәде­ниет, мұрағат және кітапхана қызмет­кер­­лерінің жалақысы екі есе артады. «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тәр­бие беру тұжырымдамасы енгізіліп, елі­міздің бүкіл әдеби мұрасы бірыңғай кітапхана платформасы негізінде цифрлық форматқа өткізіледі.