Қазақстанға Гурбангулы Бердімұхамедов келді (ВИДЕО)

Мәртебелі мейманды ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Қазақстанға Гурбангулы Бердімұхамедов келді (ВИДЕО)
Telegram/UKIMET

Астанаға Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді.

Бүгін мәртебелі мейман бақылаушы елдің өкілі ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Бұған дейін Қазақстанға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстан басшылары келген болатын.

Әуежайда Гурбангулы Бердімұхамедовті ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.