1007
Байқоңырға кіріп-шығу үшін 10 күн бұрын өтініш жазу талабы алынып тасталады
Рұқсат сұралған мезетте беріледі.
Қазақстан Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай желтоқсан айының алғашқы күнінен бастап Байқоңыр қаласына кіріп-шығу жеңілдейтінін жариялады, деп хабарлады Turkystan.kz.
«Қазір байқоңырлықтарға қонақ келетін болса, 10 күн бұрын өтініш жазып, комиссиядан рұқсат алу керек. Бұл Ресеймен жасалған келісім», – деді Қ. Нұртай.
Арнайы өкілдің айтуынша, Ресеймен өзара келісім қайта қаралып, Байқоңырға кіру ережесін өзгертуге бастама жасалған. Нәтижесінде 1 желтоқсаннан бастап қанатқақты режимде жұмыс істейтін жаңа ережеге сәйкес, қалаға кіреберістегі тексеру пунктінде Қазақстан тарапынан отырған қызметкер рұқсатнаманы сұраған мезетте ұсынатын болады.