1436
Атышулы «Оператор РОП»: Экс-құрылтайшы 920 млн теңгені қайтарды
Шынар Мұхтарованың соты жалғасып жатыр.
«Оператор РОП» ұйымының бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтарова заңсыз иемденген қаржыны қазынаға қайтарды, деп хабарлайды Turkystan.kz.
Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған қашқын құрылтайшы тергеумен келіссөзге келді.
«Жасыл Даму» АҚ және «Оператор РОП» ұйымына 920 млн теңге шығын келтірілген азамат дивидент түрінде негізсіз алған қаражатты толық өтеді.
Естеріңізге салайық, «Оператор РОП» утильалыммен айналысты. Былтыр ұйымның активтері мемлекетке қайтарылып, міндеті «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымына жүктелді.
«Оператор РОП» ЖШС қаржысын жымқырғаны үшін 4 адам бас бостандығынан айырылды. Олар бір жылдан 7 жылға дейін сотталды.
Ш.Мұхтарованың соты жалғасып жатыр. Келесі сот отырысы 6 қарашаға белгіленді.