2024 жылы студенттердің стипендиясы тағы 50%-ға өседі – Министр

Білім беру саласын цифрландыру аясында осы жылдан бастап колледж түлектеріне QR-коды бар диплом беріле бастады

2024 жылы студенттердің стипендиясы тағы 50%-ға өседі – Министр
Радмир Фахрутдинов/Liter.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте студенттердің стипендиясы келесі жылы 50%-ға өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

"Биылғы оқу жылынан бастап студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында стипендия 50%-ға өсті, ал 2024 жылы тағы 50%-ға арттыру көзделіп отыр", – деді министр.

Сонымен қатар колледжге кәсіби білікті педагогтер мен басшыларды тарту мақсатында өндірістен мамандарды шақыру шаралары қабылданып, оларға 35% үстемеақы тағайындалды.

"Колледждерде жаңа өзгерістер көшбасшыларын қалыптастыру мақсатында кадрлық резервті жасақтау жұмыстары пысықталып жатыр. Білім беру саласын цифрландыру аясында осы жылдан бастап колледж түлектеріне QR-коды бар диплом беріле бастады. Оның түпнұсқасы eGovmobile мобильдік қосымшасында қолжетімді, – деді  Ғани Бейсембаев.