Қазақстандықтардың қанша пайызы 3 тілді меңгерген?
Ерлерге қарағанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым.
2021 жылғы халық санағы бойынша 5 жастан асқан халықтың 44,9% екі тілді, 28,6% – үш тілді меңгерген, деп хабарлады turkystan.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, санақ қорытындысы бойынша тағы 1,7% 4 тілде сөйлейді, 5 тілді халықтың 0,2% біледі. 6 тілді білетін полиглоттардың үлесі 0,1% немесе 8 845 адамды құрады.
«Қызықты дерек, ерлерге қарағанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым, сәйкесінше 47,9% және 52,1%. Бірақ 6 және одан да көп тілді білетін ерлер үлесі, керісінше, әйелдердің үлесінен асып түседі – 55,6%», – делінген хабарламада.
Өңірлік бөліністе 5 және одан да көп тілді білетін полиглоттар Алматы қаласында.
«Бұл ретте 35,1% немесе 6 042,1 мың адам ағылшын тілін біледі, оның 27,6% – еркін сөйлейді. Жас сегментінде ағылшын тілін білетіндердің үлесі 10-14 жас және 25-29 жас аралығында көп», – делінген хабарламада.