742
Құдайға сенбейтіндер қатары азайған – Статистика бюросы
Респонденттердің 11%-ы қандай да бір дінді ұстанатынын жариялаудан бас тартқан
2021 жылғы халық санағының нәтижелеріне сәйкес, дінге сенбейтін қазақстандықтардың саны 2,3%-ға азайған, деп хабарлайды turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Мәліметке сүйенсек, алдыңғы санақтан кейін ислам дінін ұстанатын халықтың үлесі өзгерген жоқ, 69,3% деңгейде, христиан діні — 17,2%, буддизм мен иудаизм — 0,1% -дан аз.
Ал дінге сенбейтіндердің үлесі 2021 жылы 2,8%-дан 2,3%-ға дейін азайған.
Мекеме респонденттердің 11%-ы қандай да бір дінді ұстанатынын жариялаудан бас тартқанын хабарлады. Ал 2009 жылы бас тартушылардың үлесі небәрі 0,5% болған.