Заңға бағынбаған 17 шетелдік азамат елден шығарылды

Алматы полициясы 2 күн ішінде 111 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Заңға бағынбаған 17 шетелдік азамат елден шығарылды
elorda.info
663

Алматыда Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған мақсатты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Алматы полициясы 2 күн ішінде 111 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 23-і – Африка құрлығы елдерінің азаматы.

ПД-ның қабылдап тарату мекемесіне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 32 шетелдік орналастырылды.

Әкімшілік соттың шешімімен 17 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 31 шақырушы тарап жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорындардың бірінің басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Серіктес жаңалықтары