Иван Дычконың шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Иван Дычко соңғы рет маусым айында Буэнос-Айресте (Аргентина) жергілікті боксшы Ариэль Бракамонтемен жұдырықтасты.

Иван Дычконың шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды
Фото: ҚР ҰОК
970

Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычко (13-0, 12 КО) желтоқсан айында шаршы алаңға оралады, деп хабарлады turkystan.kz. 

Vesti.kz-тің жазуынша, боксшы қазан айында жекпе-жекке шығуы керек болған, алайда бұл кездесуі кейінге қалдырылған. Нәтижесінде желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Иван Дычко соңғы рет маусым айында Буэнос-Айресте (Аргентина) жергілікті боксшы Ариэль Бракамонтемен жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. WBA Fedecaribe белбеуін де иеленген еді. 

Серіктес жаңалықтары