Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

Жолаушылар ұмытып кеткен заттар мен құжаттар полиция бөлімінде сақтаулы.

Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
Фото: ашық дереккөз
994

Елорда әуежайының баспасөз қызметі 1 қараша күні мәлімдеме жасап, қалып кеткен заттарды қалай қайтару керек екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz 

«Көбіне жолаушылар құжатын, банк карталарын қалдырып кетеді немесе смартфоны мен ақшасын жоғалтып алады. Жолаушылар мен әуежай қонақтары заттарды қоғамдық және бақылаудағы аумақтарға қалдырады. Жолаушы әлі Астанадан немесе әуежайдан кетпесе, жоғалғанын уақытында байқаған соң заттарды бір сағатта заңды иесіне қайтаруға болады», - деді Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Әуежай жағынан қызметкерлер дауыс зорайтқыш байланыс арқылы хабарлайды.

Терминал ғимаратында табылған барлық зат міндетті түрде авиациялық қауіпсіздік қызметімен тексеріліп, содан кейін сақтау бөлмесіне қойылады. Жолаушылар ұмытып кеткен заттар мен құжаттар полиция бөлімінде сақтаулы.

Серіктес жаңалықтары