Бұл бюджет үйсіз-күйсіз жұрттың, ауыл тұрғындарының мәселесін шешуі керек – Елнұр Бейсембаев

Бұл бюджет – 650 мың кезекте тұрған үйсіз халықтың, 2,5 миллион жан бағып жүрген күйсіз жұрттың, 1 миллион жұмыссыз жанның, 7,5 миллион ауыл тұрғындарының мәселесін шешуі керек еді.

Бұл бюджет үйсіз-күйсіз жұрттың, ауыл тұрғындарының мәселесін шешуі керек – Елнұр Бейсембаев
ашық дереккөз
746

Мәжілістің жалпы отырысында 2024 – 2026 жылғы республикалық бюджетке қатысты заң жобасы қаралып жатыр. "AMANAT" фракциясының Төрағасы Елнұр Бесембаев бұл бюджетте халықтың игілігі бірінші орында болуы керек екенін айтты.

Бұл бюджет – 650 мың кезекте тұрған үйсіз халықтың, 2,5 миллион жан бағып жүрген күйсіз жұрттың, 1 миллион жұмыссыз жанның, 7,5 миллион ауыл тұрғындарының мәселесін шешуі керек еді. Десе де, инфляцияның тоқтамауы, қымбатшылық мәселесі, жастар арасындағы жұмыссыздық, МӘМС жүйесінің реттелмеуі, үш ауысымдық мектептер мәселесі, лайықты жалақы мен тас жолдарды уақтылы салу проблемасы елімізде жетерлік. Осы ретте, халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі шешімін таппай отыр. Қазір бірде-бір мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қалмады. Өзін әлеуметтік мемлекет деп таныған ел үшін – бұл нонсенс. Дәл бүгін үй кезегінде 650 мың адам тұр. Бұл дегеніміз шамамен 2 миллион отбасының мүшелері пәтер жалдап жүр деген сөз. Оның ішінде, олардың үштен бірінің қаржы жинау мүмкіндігі мүлдем жоқ, яғни тапқан табыстары тамағынан артылмайды. Жылына 9 мыңға жетер-жетпес қана әлеуметтік бағыттағы үй салынады. Ал, бір жылда кезекке 50 мың адам тұрады. Бұл қандай саясат, бұл нендей менеджмент? – деді Елнұр Бейсембаев.

 

Серіктес жаңалықтары