Алматы облысында ұсталған браконьерлерден 2,5 тонна балық тәркіленді

Алматы облысында ұсталған браконьерлерден 2,5 тонна балық тәркіленді

Алматы облысында ұсталған браконьерлерден 2,5 тонна балық тәркіленді
ашық дереккөзі
Алматы облысында заңсыз балық аулау ісіне тыйым болмай тұр. Соңғы он күн ішінде ұсталған браконьерлерден 2,5 тонна балық тәркіленді. 113 заңбұзушылық анықталып, 33 факті бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Бұл жөнінде ҚазАқпарат хабарлады.  Браконьерлерден 10 бірлік атыс қаруы тәркіленді, оның 2-уі заңсыз болып шықты. Анықталған фактілердің ішінен полиция қызметкерлері Алакөл ауданында болған қылмыстық істі ерекшеледі. Алакөл ауданының тауларында табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы қаласының тұрғыны басқарып келе жатқан «Тойота Ленд-Крузер» автокөлігін тоқтатты. Автокөліктің жүк салғышынан бөлшектенген сібір тауешкісінің денесі және тіркелмеген аңшы қаруы табылды. Ұсталған азаматтың жануарды атуға рұқсат қағазы болмаған. Осыған байланысты, заңсыз аң аулау факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заңнамаға сәйкес мемлекетке келтірілген залал құны 340 мың теңгені құрауда. Шара барысында бағалы ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 30 фактісі анықталды. 8,26 текше метр ағаш тәркіленді, оның ішінде 2,98 текше метрі - Қазақстанда кесуге қатаң тыйым салынған сексеуіл.