Рудныйдағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

Жұмысшыны ток соққаны айтылды.

Рудныйдағы кен орнында жұмысшы қаза тапты
erg.kz
732

Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Алау басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға «ССКБӨБ» АҚ аумағында болған. 31 қазан күні WhatsApp мессенжерінде пайдаланушылар арасында сурет тараған болатын. Бұл мәліметті кәсіпорынның баспасөз қызметі растады.

Онда Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірісінде жұмысшыны ток соққаны айтылады. 

«Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі аумағында темірбетон еденді бөлшектеу жұмыстары кезінде оқыс оқиға болып, мердігер жұмысшысы мерт болды. «ССКБӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр» деп хабарлады кәсіпорыннан. 

Серіктес жаңалықтары