Франция президенті Қазақстанға келді

Эмманюэль Макронды елорда әуежайында Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Франция президенті Қазақстанға келді
Telegram/UKIMET
843

Франция президенті Эмманюэль Макрон ресми іс-сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Оны елорда әуежайында Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Қысқаша әңгіме барысында Үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Еске сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

Серіктес жаңалықтары