Берік Тұрсынбеков «Шымкент шоу» театрына қатысты қауесетке жауап берді

«Шымкент шоу» театрының әртістері тарап кетті ме?

Берік Тұрсынбеков «Шымкент шоу» театрына қатысты қауесетке жауап берді
qazaqstan.tv
1622

Қалың көпшілікке «Күлпәштың» рөлін сомдап танылған актер, әзілкеш Берік Тұрсынбеков ел арасында «Шымкент шоу» театры тарап кетті деген әңгімеге нүкте қойды. Бұл туралы ол «Ұйқым келмейді» бағдарламасында айтып берді.

«Қазір театрдағы әртістердің жеке кәсіптері бар. Нұрболаттың саумалханасы бар, Дәурен де жақында кішігірім кәсібін ашып, сол іспен айналысып жүрді. Олар «концерт керек емес» деп әзілдеп айтып жүрді. Сөйтіп жүргенде шынымен тарқап кеткендей болдық. Маған да келіп «балаларыңыз бизнеске кетіп қалған ба?», «театр тарқап кетті ме?» деп сұрағандар болды. Дегенмен, театр тарамағанын мәлімдеймін. Біз жаңа бағдарламаны басымыз қосылып, жыл сайын 8 наурызда беріп тұрамыз. Енді соған дайындықты бастау керек.

Сондай-ақ Берік Тұрсынбеков «Шымкент шоу» театрына кастинг жариялағанын атап өтті.

«Керсінше театрға бір қыз және бір жігіт іздеп жүрміз. Көп талап қоймаймын. Ең бастысы энергиясы мықты және сатираның саласында жұмыс істей алуы тиіс. Сахнадағы харизмасы мықты болуы керек. Әншілер сияқты түрге, бойға мән бермеймін.

Айта кету керек, театрдан ешкім кетпейді, жаңадан жастар қосылса жаңа толқын болғанын қалаймыз. Олардың ішінде де бізді басып озатындар шығып қалуы мүмкін», - дейді

Серіктес жаңалықтары