Ақиқат пен жалған ақпарат призмасы қандай болу керек?: Цифрлы сауат арттыру мәселесі талқыланды
Жасанды интеллектінің цифрлы ақпаратқа ықпалы артып отыр.
«Цифрлы кеңістіктегі медиа және ақпараттық сауат» атты IV Орталықазиялық ғылыми семинарда ақтиқат пен жалған ақпарат призмасы қандай болу керек деген мәселеге Еуропа және Азия елдері ғалымдары жауап іздеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаменті өкілдігі – Алматыдағы БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментімен ынтымақтастықта Жаһандық медиа және ақпараттық сауат апталығын атап өтті.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проекторы Ләззат Еркінбаева: «Ақпараттың дәлдігі, шынайылығы және құқықтық қорғалуын мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Цифрлы білім беруде академиялық ықпалды арттырудағы ғылыми зерттеулердің үлесі артып келеді», - деп атап өтті.
ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат басқармасының өкілі Анел Көшкенбаева алғысөзінде әр адамның ақпарат алуда желілердің, арналардың белсенді тұтынушысы болып отырған кезде, медиа сауатты болуы ең басты мәселе екендігін атап өтті. Кәсіби журналистиканың бұл тұрғыда рөлі ерен. Министрлік осы тұрғыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен салалық журналистика дамытуға бағытталған бағдарламаларды бірлесе орындауда.
БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің ҚР өкілі – Алматыдағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек БҰҰ-ның ұжымдық күн тәртібінде цифрлы кеңістіктегі медиа және ақпараттық сауат мәселесі екендігін ерекше атады. Ақпарат ағынының тосқауылсыз ағыны оның шынайылығын тексеруді қажет ететіні рас. Жасанды интеллектінің цифрлы ақпаратқа ықпалы артып отыр. Ақпарат призмасын тану кәсіби мамандарға жаңа міндеттер жүктеуде, ақпаратты тарату алгоритмі өзгеруде. Сондықтан медиа және ақпараттық сауаттың қоғам игілігі үшін артуда.
Семинар барысында ҚазҰУ ғалымдарының «Қазақстандағы жалған ақпарат пен дезинформация индикаторларын анықтауға арналған цифрлы сауат саласында ақпараттық ресурс әзірлеу» ҚР Ғылым және жоғары білім министрігінің қолданбалы зерттеулерге гранттық жобасы таныстырылды.
Осы жобаның ғылыми кеңесшісі LMU Munich университетінің БАҚ және коммуникация кафедрасының меңгерушісі, професор Томас Ханицш жұмыс істейтін ғалымдар тобы әлеуметтік медиа және бұқаралық коммуникация саласындағы жалған ақпарат пен дезинформация индикаторларын зерттеу және анықтау бойынша зерттеулер жүргізетінін атап өтті. Зерттеу нәтижелері халықтың медиа және ақпараттық сауаттылықты зерттеудегі мүмкіндіктерін кеңейтуге және жастардың ақпараттық мәдениетін жақсартуға ықпал ететін болады.
QS универсиеттердің әлемдің рейтингінде 54-ші позициядағы Мюнхендегі Людвиг-Максимилиан университетінің профессоры Томас Ханицш медиа сауат және фактчекинг шығу төркінін Германия бастаған екінші дүниежүзілік соғыс жылдарынан, яғни фашистік пропагандадан бастау алды дейді. Бұл пропаганда қаншама адамның ой-санасын улады. Салдарынан адамзат зардап шекті. Әлемге танымал профессор, медиа сауат фактчекингтің маңызды үш негізігі факторын атып өтті. Біріншісі, қазіргі дәстүрлі медиаға сенімнің жоғала бастауы. Себебі, медиа оқырмандарына шынайы ақпарат таратып үлгергенше, жалған ақпараттың жылдам тарап кетуі. Оқырманның ақпараттың ішінде қайсысы шындық, қайсысы ақиқат екенін ажырата алмауында. «Шындық» көп дәуірде ақиқатты табу қиынға соғуда. Бұл үлкен проблемаға айналуда.
Екіншісі, дәстүрлі БАҚ үшін зерттеу жрналистикасы өте қымбатқа түсуде. Дәстүрлі медиада басқа елдегі ақпаратты дұрыс талдау үшін өз репортерін жіберу керек. Шетелдегі оқиға орнына өз тілшісін жіберу көп медианың қолынан келе бермейді. Осы проблеманың салдарынан фейк ақпарат таратындардың саны артуда. Өкінішке орай, сол ақпарат көздерінің оқырманы көп боп тұр. Үшіншісі, дезинформация өзекті болып кетті. Мәселен, Палестина мен Израилдегі, Ресей мен Украина жағдайында пропаганда саны артып барады. Бұл пропаганданы, өкінішке орай, мемлекеттегі шенеуніктердің өздері қаржыландыруында. Бізді алаңдататын жағдай осы.
Профессордың айтуынша, цифрлы қоғамда ақпаратты талдай алатын, ақиқаты қайда, жалғаны қайда ажырата алатын адамдар санынының өте аз екендігінде. Бұл үшін мектептерде, университеттерде цифрлы сауатты жаңа буын даярлап, қатарын арттыруымыз керек.
Семинар жұмысына Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армениядағы аудиовизуалды ынтымақтастық жөніндегі атташе Эммануэль Фосильон ҚазҰУ журналистика факультетімен бірлескен цифрлы медиа саласында «Фактчекинг», «Мобильді түсірілім» бағдарламалары Орталық Азия елдерінің журналистика факультеттері қатысумен нәтижелі аяқталғанын, алдағы уақытты VR журналистика саласында білім беру жобалары ұсынылады деп сөзін қорытыдылады.
Германия, Қырғызстан, Словакия, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің ғалымдары, сондай-ақ журналистика факультетінің магистранттары мен PhD докторанттары қатысты.
Гүлмира Сұлтанбаева