Уран бағасы үш жылда 125%-ға өсті

ХЭА бағалауы бойынша әлемдік атом энергетикасының қуаты 2050 жылға қарай 2 есеге артады.

Уран бағасы үш жылда 125%-ға өсті
ашық дереккөз

Уран бағасы 2020 жылдың аяғынан бері 125%-ға өскен, деп хабарлайды turkystan.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап. 

Уран бағасы осымен тоқтап қалмай бұдан әрі қымбаттауы мүмкін. ХЭА бағалауы бойынша әлемдік атом энергетикасының қуаты 2050 жылға қарай 2 есеге артады.

Бірнеше хедж-қор, мәселен Terra Capital, Segra Capital және Anaconda Invest уран өндірушілер мен жеткізушілердің үлесін арттыра бастады.