Астанада велосипедтерді жалға беру маусымы қашан аяқталады?

Абоненттік төлем сақталмайды.

Астанада велосипедтерді жалға беру маусымы қашан аяқталады?
pixabay.com

31 қазанда қалалық велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде аяқталады, деп хабарлады turkystan.kz.

Барлық станциялардағы велосипедтер 31-нен 1-не қараған сағат 00:00-де бұғатталады.

«Осыдан кейін жалдауды пайдалану мүмкін болмайды. Теңгерім келесі маусымға ауыстырылады. Ал абоненттік төлем сақталмайды», – делінген «City Transportation Systems» компаниясының хабарламада.

Қалған қаржыны Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасынан қайтарып алуға болады.