«Қазақстан» шахтасындағы апаттан аман қалған еді»: Туыстары марқұм кенші Юрий Половинка туралы
Туысқанының айтуынша, ол Ленин шахтасына ауыспақшы болған.
Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кенші Юрий Половинканың артында 8 жастағы баласы, әйелі мен қарт анасы қалды. Марқұмның туысқандары естеліктерімен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап.
«Юра шахтада көп жылдар етіп келді. Әр түрлі шахталарда он жыл жұмыс істеді. Ол қыркүйекте «Қазақстан» шахтасында болған қайғылы жағдайдан кейін «Костенкоға» ауыстырылды. Ол сол апаттан аман қалған еді. Алайда ажалы осы жерден болды, - дейді марқұмның туысы Оксана.
Юрий отбасымен бірге Жаскентте біраз уақыт тұрды, кейін қайта оралған. Айтуынша, ол үйге жақын болу үшін Ленин шахтасына ауысуды жоспарлап жүрген еді, бірақ үлгермеді.
«Біз оның соңғы сәтке дейін шахтаның ішінде емес, жұмыс ауысымын тапсырып үлгерді деп үміттендік. Әйелі Мәрия ұлын уайымдағандықтан, жылай да алмайды. Баласына әлі әкесінің қайтыс болған туралы айтылған жоқ. Оның қалай боларын білмейміз. Юра баласын қатты жақсы көрді», - дейді ол.
Туыстары Юра ешқашан өз жұмысына шағымданбағанын және өз ісін жақсы көргенін атап өтті.
Юрий сейсенбіде жерленеді, олар Канададан ағасының келуін күтіп отыр. Айта кетейік, қараша айында ол 37 жасқа толар еді.
Еске салсақ, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Костенко атындағы шахтасында 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Апаттан қаза болғандар саны - 46.
Бұған дейін 30 қазан таңертең соңғы кеншінің денесі табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.