Алтынай Жорабаева күйеуі сыйлаған сыйлықтарын көрсетіп мақтанды (ВИДЕО)
Ол жолдасының сыйлық жасау «дәстүрі» туралы айтты.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаева жуырда 45 жасқа толған күнін атап өткен болатын. Өнер иесі қымбат сыйлықтарын көрсетіп, Instagram парақшасында жазба жариялады.
«Биылғы туған күнімде ерекше сезімде жүрмін. Жекеменшік мерекемді отбасыммен ғана атап өттім. Жан-жарым мен қыздарым қасымда. Тілек жаудырып жатқан барлық ағайынға мың алғыс», – деді туған күн иесі.
Ол жолдасының өзіне сыйлық беруі дәстүрге айналғанын атап өтті.
«"Менің жәннатымның дәстүріне айналған дағдысы: 9 тал раушан гүлімен күтіп алу, егер жанымда адам болса оған да үш тал раушан гүлі. Туған күнге телефон сыйлауды әдетке айналдырып алды. Жылына екі рет бриллиант, қыздарға телефон, планшет, макбук.
Сонымен қатар өз анасы мен бауырларына және менің ата-анама ұялы телефон сыйлау дағдысы қанына сіңіп кеткен. Сендей жанды жолықтырған Аллаға шүкір», – дейді әнші.