788
Жамбыл облысында 48 келі есірткі сатпақ болған 3 адам ұсталды
Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау және сатумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау, сатумен айналысты деген күдікті топ қатысушылары әрекетінің жолын кесті. 2023 жылы қазанда Қордай, Меркі және Шу аудандарында 36 кг гашиш және 12 кг марихуана сатпақ болған кезінде Қазақстанның 3 азаматы ұсталды, – деп жазылған хабарламада.
Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.