Мысыр әуежайында қазақстандық азаматты балаларымен бірге ұстап отыр

Ренат Шанғараев әлеуметтік желілерде Мысырда ұсталғанын мәлімдеді.

Мысыр әуежайында қазақстандық азаматты балаларымен бірге ұстап отыр
721

Қазақстандық азаматты балаларымен бірге Мысыр әуежайында ұстап, елге жібермей отыр, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ренат Шанғараев әлеуметтік желілерде Мысырда ұсталғанын мәлімдеді.

Ол Мысырға төрт және сегіз жасар қыздарымен демалу мақсатында келген. Сапарды «Компас» туристік компаниясы ұйымдастырыпты.

«Мені әуежайдан алып кетіп, төлқұжатымызды алып, 27 сағат ұстап отыр. Не деген сұмдық. Сондай-ақ не үшін ұстап отырғандарын айтпайды. Консулмен хабарласа алмадық. Мен интернеттен тапқан нөмірлері жауап бермейді. Мысырдан кетуге де рұқсат бермеді. Бізді екі полиция күзетуде», – деді ер адам.

Ер адамға бұрын Мысырда болдыңыз деп айтқан.

«Егер қылмысқа қатысым болса немесе күдіктенсе, онда неге олар айыптап, істі сотқа бермейді? Ал ешқандай себеп болмаса, онда еркін адамды айыптаусыз неге ұстап отыр?  Мен тіпті қайтадан жаңа билет алуға дайынмын», – деді қазақстандық.

Шанғараев қазақстандық құзыретті органдардан көмек сұрайды.

Серіктес жаңалықтары