Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі көтеріледі
2025 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі.
Елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі, деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгінде республикада әлеуметтік қорғау саласында 35 мыңнан астам адам еңбек етеді. Әлеуметтік кодекс аясында әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі өседі. Осы мақсатта оларды оқыту және оларға санаттар бере отырып, одан әрі сертификаттау көзделген. Ал 2025 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі.
«Халықты әлеуметтік қорғау саласында жұмыс істейтін 35 мың маманның ішінде медицина қызметкерлері, арнайы педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Республика бойынша әлеуметтік қызметкерлер саны 12704 адамды құрайды, оның 1251-і үкіметтік емес секторда жұмыс істейді», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.