Садриддин Ахмедов, Жанқош Тұраров: Боксшы Қанат Ислам Астанада жекпе-жек кешін өткізеді

Ол 16 желтоқсан күні рингке шықпақ.

Садриддин Ахмедов, Жанқош Тұраров: Боксшы Қанат Ислам Астанада жекпе-жек кешін өткізеді
ашық дереккөз

Қанат Ислам (29-1, 22КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізбек, деп хабарлайды turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қанат 16 желтоқсанда оралуды жоспарлап отыр. Бұл кеште қазақстандық тағы бір боксшы Садриддин Ахмедов те (13-0, 11КО) жекпе-жек өткізбек.

Айта кетейік, Ислам былтырғы қарашадан бері жұдырықтаспады. Сол кездесуде ол америкалық Плант-Ситиде аргентиналық Хавьер Франсиско Масиэланы (34-21, 23КО) төрешілер шешішімен жеңген еді.

16 желтоқсанда Алматыда өтетін бұл кеште Жанқош Тұраров (27-0, 20КО) та жұдырықтаспақ.