Атыраудағы кардиорталықта науқастың тамағынан құрт шықты

Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Атыраудағы кардиорталықта науқастың тамағынан құрт шықты
astanatv.kz
774

Атырауда аурухана тамағынан құрт шықты. Кардиология орталығының емделушісі таңғы асқа берілген күріш ботқасынан құрт көріп қалған. Бұл туралы turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Видеода жәндік анық көрініп тұр. Авторы «жүрегімді емдеуге келіп, өзге бір ауруды жамап аламыз ба?» деп қорқынышын білдіреді. Ал аталған ауруханадағылар бұрын-соңды мұндай жағдай болмады деп азарда-безер. Арнайы комиссия құрып, асхана мен қоймада сақтаған азық-түліктерді түгел қарап, еш зиянкес таппадық деп ақталды. Тіпті өзге емделушілермен сөйлесіп, олардың да байқамағанын айтып отыр.

«Науқас тұтынған таңғы астағы күріш ботқасының сынамасы алынды. Сынама ұлттық сараптама орталығына тапсырылды. Қазігі таңда тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 3-4 күнде қорытындысы шығады. Әзірге белгісіз. Біз алма құрты деп ойлағанбыз. Өйткені ол қораптардан, қаптардан, жармаларда сақталатын құртқа ұқсамайды», – деді облыстық кардиология орталығының дәрігер-эпидемиологы Әйкерім Мекенова.

Бірақ ол күні таңғы асқа алма берілмеген. Сондықтан болжам да негізсіз, дейді. Видео авторы толық емін алып, ауруханадан шыққан. Бірақ дәрігерлер рұқсат бермеді деп, сұхбат беруден бас тартты.

Серіктес жаңалықтары