«Отбасымызда үлкен қуаныш»: Баян Мақсатқызы марапатқа ие болған қайын атасын құттықтады

Продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қайын атасын құттықтады.

«Отбасымызда үлкен қуаныш»: Баян Мақсатқызы марапатқа ие болған қайын атасын құттықтады

Продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қайын атасы Тұрым Алагөзовті Еңбек сіңірген қайраткер атағын алуымен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Отбасымызда үлкен қуаныш! Әкеміз, композитор әрі дирижер Алагөзов Тұрым Сағидоллаұлы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері жоғары мемлекеттік марапатын алды. Мақтан тұтамыз әрі әкемізге зор денсаулық пен шабыт тілейміз! Осы қуанышты оқиғаны атап өту үшін оның үйге оралуын күтеміз!», - деп жазды ол.

Оқырман қауым өнер иесінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді.