Түркістан тұрғыны мемлекеттік грант аламын деп алаяққа алданды

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды.

Түркістан тұрғыны мемлекеттік грант аламын деп алаяққа алданды
polisia.kz
584

Түркістандық тұрғын қайтарымсыз грант алып беремін деп танысын алдап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, ол арызында сырттай таныс ер адам мемлекеттен қайтарымсыз грант алып беремін деп, қызметі үшін 300 мың теңге ақшасын алып, жарты жыл бойы алдап келгенін жеткізген.

«Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті тұрғылықты мекен-жайынан анықталды. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты», – делінген хабарламада.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Белгілі болғандай, күдікке ілінген ер адам алған ақшаны өзінің бас пайдасы үшін жаратқан. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Серіктес жаңалықтары