Пара Азиада – 2023: Дастан Мұқашбеков жеңіл атлетикадан алтын медаль жеңіп алды

Бұл Азия пара ойындарындағы Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалі.

Пара Азиада – 2023: Дастан Мұқашбеков жеңіл атлетикадан алтын медаль жеңіп алды
Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық спортшы Дастан Мұқашбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жеңіл атлетикадан (ядро) алтын медаль иегері атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Дастан Мұқашбековтың нәтижесі-15,74 м.

Сондай-ақ осы санатта қазақтандық Иван Зелезняк 12,39 м нәтижесімен қола медаль жеңіп алды, ал екінші орын БАӘ спортшысына бұйырды.
 

«Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби тұрғыда шеберлігі мен жеңіске деген сенімділігін айқын көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, бұл Азия пара ойындарындағы Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалі.