Астанаға бірнеше елдің президенті келеді

Ақорда қарашаның бірінші аптасында Астанада өтетін маңызды жиындар жөнінде ақпарат жариялады

Астанаға бірнеше елдің президенті келеді
Akorda
1281

1 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп жазды Ақорданың Telegram арнасы.

Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды,  – делінген ресми хабарламада.

2 қарашада Астана қаласына Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапар жасайды.

Сапар барысында тараптар Қазақстан мен Мажарстанның сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығын одан әрі кеңейтуге қатысты келісөз жүргізеді деп жоспарланып отыр, -  делінегн Ақорданың баспасөз қызметінде.

3 қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммиті өтеді

Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысады.

Серіктес жаңалықтары